2 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

2 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
chaiknet.ru

Қазгидромет 2 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Солтүстік-батыс циклон ҚР батыс өңірлері арқылы жылжып, жауын-шашын, жаңбыр мен қар түрінде, көктайғақ және жаяу бұрқасын алып келеді. Республиканың шығысында мен оңтүстік-шығысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде жел жоғары жылдамдықпен соғады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аудандарында – жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Алматы облысының Алакөл көлдерінің ауданында жел 18-23, екпіні 28 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының батыс жартысында жел 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз - көктайғақ, облыстың оңтүстігінде – тұман.

Шығыс Қазақстан облысының батысында-жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшейюі 15-20 м/с күтіледі, түнде және таңертең облыстың шығысында тұман болады.

Павлодар облысының оңтүстігінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының солтүстік-батысында, шығысында көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, облыстың басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының орталығында тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман, көктайғақ, түнде облыстың батысында жел 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болып, түнде облыстың батысында, орталығында жел 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстік жартысында көктайғақ болжанады.