1992 жыл сырт елмен қарым-қатынастың бастауы болды

1992 жыл сырт елмен қарым-қатынастың бастауы болды
Сурет: М.adebiportal.kz

1992 жылы сырт елдің сырын ұғуға үлкен мән берілді

Бір жыл ішінде қазақ елін әлемнің 106 мемлекеті таныды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап

Осы үдерістің соңы ынтымаққа ұласып, 61 мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынас орнады. Еліміз Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының толық мүшесі атанды.

Әлемдік БҰҰ-ға, ЮНЕСКО-ға мүше болу мүмкіндігі туды. Елдестірмек елшіден. Дәл осы жылы бірқатар елде Қазақстанның елшіліктері ашыла бастады.

Бес қаруын сайлаған

1992 жылы Мемлекет басшысы «Қарулы Күштер құру туралы» Жарлыққа қол қойды. Қорғаныс мемлекеттік комитеті Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Ведомствоға Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетов жетекшілік етті.

Осылайша Қазақстанның өз армиясы құрылды. Сонымен қатар «Ішкі істер органдары» және «Ұлттық қауіпсіздік органдары» туралы заңдар қабылданды.

Тағы бір маңызды құжат - «Шекара әскерлерін құру туралы» жарлық болды.

Елтаңба, Ту және Әнұран

1992 жылғы 4 маусымда тәуелсіз Қазақстанның Елтаңбасы, Туы және Әнұраны бекітілді. Осылайша ел көгіне Көк ту көтеріліп, Елтаңба елге танылды. Әнұран әуеледі.

Тағдыр талайымен төрткүл дүниенің түкпір-түкпіріне тарыдай шашыраған қаймана қазақ атажұртта бас қосты. Алматыда дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті.