18 жасқа дейінгі барлық қазақстандық балаға жәрдемақы төлеу ұсынылды

18 жасқа дейінгі барлық қазақстандық балаға жәрдемақы төлеу ұсынылды
Сурет: Otyrar.kz

Арнайы жоба қабылдау керек.

Мәжіліс депутаты Айжан Сқақова Қазақстан балаларына жәрдемақы төлеудің жаңа жобасын қабылдауды ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап. 

"18 жасқа толмаған барлық балаға шартсыз ай сайынғы бірыңғай жәрдемақыны енгізумен қатар, бұл шараны екі тетікке негіздеу маңызды. Біріншісі, сапалы білімге қолжетімділік, оның ішінде мектеп және мектепке дейінгі білім бар. Екіншісі, денсаулық сақтау жүйесіне қолжетімділік. Бұл бағытта "Ана мен баланы дамытуға инвестиция" Ұлттық жобасын қабылдау қисынды болар еді",- деп атап өтті депутат.

Айжан Сқақованың айтуынша, жобаның бірінші кезеңі балалар кедейлігімен күрес бойынша ұлттық бағдарлама әзірлеуден басталады.