16 жасар қазақстандық спортшы - әлем чемпионы

16 жасар қазақстандық спортшы - әлем чемпионы
Сурет: Elorda.info

Анастасия Городко фристайл-могулдан жастар арасында әлем чемпионы атанды.

Италияда фристайл-могулдан жастар арасында әлем чемпионатының соңғы жарыс күні өтті. Қыздар арасында параллельді могул бойынша сынға түскен отандасымыз жарыс жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Айта кетерлігі, бұл - Анастасия Городконың аталған әлем біріншілігіндегі үшінші медалі. Ол осыған дейін қыздар арасында жекелей сайыс пен аралас (микс) санаты бойынша күміс жүлдені жеңіп алған болатын.