16 тамызға арналған ауа райы

16 тамызға арналған ауа райы
Inform.kz

«Қазгидромет» синоптиктері 16 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Республиканың басым бөлігінде антициклон әсерінен күн ашық болады. Тек солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста атмосфералық ауа ағындарының өтіп, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста таулы аудандарда нөсер жаңбыр жаууы ықтимал.

Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, бұршақ жауып, жел күшейіп, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл тұрады.

Алматы облысының кей жерлерінде бұршақ түсуі мүмкін, найзағай жарқылдап, желдің жылдамдығы 25 м/с жетеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады деп күтіледі, жел 15-20 м/с шаңды дауылмен күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, тұман түседі.

Қарағанды облысында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады.

Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде өте қатты ыстық сақталады, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының жекелеген аудандарында өрт қаупі сақталады.