Алматыдан 16 шетелдік қуылды

Алматыдан 16 шетелдік  қуылды Сурет: Polisia.kz

Елде болу ережелерін сақтамағаны үшін шетелдік азаматтар Қазақстаннан қуылды.


Полицейлер шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзушылықтарын анықтау мақсатында Алматыда «Келімсек» жалпыреспубликалық жедел алдын алу іс-шарасын бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ішкі істер министрлігінің ресми сайты хабарлағандай, іс-шара 7 маусымда басталып, 16  маусымды қоса алғанға дейін жалғасады.


Мамандардың айтуынша, аталмыш шара шетелдіктердің Қазақстандағы құқықтық мәртебесін реттеуге бағытталған.



«ЖАІ-ның алғашқы күнінің қорытындысы бойынша, шаһарда барлығы 166 көші-қон заңнамасын бұзушы анықталды және әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 16 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды. Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 86 шетелдік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін отандастарымыздың ішінен 72 қабылдаушы жауапкершілікке тартылды. ҚР шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін 8 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды», – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38