ЛУКОЙЛ-дың  әлеуметтік маңызы бар жобалары – Қазақстанның игілігі үшін

«ЛУКОЙЛ» компаниясы Алматы және Қызылорда облыс­тарының медициналық мекемелеріне жалпы құны 1 млн.-нан астам  еуро тұратын жабдықтар жеткізді. Республика ауруха­наларына ковидті пневмонияға арналған рентгеннің мобильді және жылжымалы аппараттары, ультрадыбыстық диагнос­тика жүйелері, оттегі стансалары мен ЭКМО (экстра­кор­поралды оксигенация) аппараттары  берілді.

Жалпы, Компания өзі жұмыс істейтін аймақтарда COVID-19 індетінің таралуына қарсы іс-қимыл аясындағы шараларға  шамамен 11 миллион еуро бөлді.

Коронавирус пандемиясы  кезеңінде   көпке  танымал  ірі халықаралық компаниялар  көмекті  қажет ететін бағдарларға  қосымша елеулі қаражат бөліп, өздерінің әлеуметтік жауапкер­шіліктерін көрсетуде. Олардың қатарында – ЛУКОЙЛ да бар.

Қазақ елінің ауруханаларына шұғыл көмек көрсетумен қатар, Компания экологиялық акцияларды да жиі  ұйымдастырып отырады. Жақында Алматыда Халықаралық орман күніне орайластырылған дәстүрлі ағаш отырғызу шарасы өтті. Акцияға еріктілер санатында  ЛУКОЙЛ   қызметкерлері  де қатысты.

Компания жыл сайын қоршаған ортаға қамқорлық жасауға қомақты қаражат инвестициялайды, ал шельфтегі  өндіріс кезіндегі Лукойлдың экологиялық стандарттары («нөлдік шығарылым» қағидаты) халықаралық Хельсинки комиссиясының эталоны деп танылды. Каспий және Балтық теңіздеріндегі Лукойлдың барлық теңіз жобаларында бүкіл өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және утилизациялау  үшін жағаға шығаруды көздейтін «нөлдік шығарылым» технологиясы енгізілді.

Лукойл тарапынан  өңдеу зауыттарын уақытылы модерни­зациялау нәтижесінде  Топ ұйымдарында ілеспе мұнай газын пай­далы мақсатта пайдалану деңгейі 97%-дан асты, кәсіп­орындардың бос алаңдарында күн электр станциялары салынуда.

2015 – 2020 жылға дейінгі кезең ішінде де жұмыспен қамтылған өңірлердегі әлеуметтік маңызы бар жобаларға Лукойл бөлген қаражат көлемі 55 млн. еуродан асты. Осы кезеңде балабақшалар, тұрғын үйлер, денсаулық сақтау мекемелері, мәдениет және спорт нысандары салынды және жөнделді.

Компания жұмыс істейтін барлық өңірлерде жергілікті мамандардың жұмысқа орналасуына басымдық беріледі. Бұл қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді  және осы аумақтардың дамуына ықпал етеді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *