«Туған елге — мың алғыс!»

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 1 наурыз — Алғыс айту күні қарсаңында «Туған елге — мың алғыс!» эстафетасы (челлендж) бастау алды.

Айта кетсек, эстафетаға барлық ниет білдіріушілер қатыса алады.
Челлендждің міндеті барлық қазақстандықтардың бірлік, бейбітшілік және келісім идеясы төңірегінде топтастыру, қазақстандықтар арасында қоғамдық коммуникацияның жоғары мәдениеті мен алғыс білдіру дәстүрлерін өрбіту болып табылады.


Эстафетаға қатысушылар #туғанелгемыңалғыс, #tuganelgemynalgys хэштегімен әлеуметтік желілерде өздерінің алғыстарын жариялап, бөлісуде.
Эстафета 2021 жылдың 5 наурызына дейін жалғасады. «Туған елге — мың алғыс!» челленджіне қызығушылық танытқандардың барлығын қосылуға шақырамыз.
Айта кетейік, эстафет ҚР АҚДМ қолдауымен және Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен басталды.

@aqparatqogam

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *