Әлішер Науаидің 580 жылдығына арналған кеш өтті

 

2021 жылғы 21 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өзбек этномәдени бірлестіктерімен бірлесіп, Халықаралық ана тілі күніне аясында ұлы ақын, ойшыл Әлішер Науаидің 580 жылдығына арналған Халықаралық рухани кеш өткізді.

Рухани кеш барысында қатысушылар тілдерді және мәдениетті дамыту, әдебиетке деген қызығушылықты қалыптастыру, сондай-ақ түркітілдес ақындар мен ойшылдардың әдеби мұрасын насихаттау мәселелерін қозғады.
Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық Ана тілі күні 1999 жылдың қарашасында ЮНЕСКО-ның Бас конференциясында жарияланды және 2000 жылдың ақпанынан бастап жыл сайын тілдік және мәдени әртүрлілік пен көптілділікті насихаттау мақсатында аталып келеді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *