«Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»

Наурызбай ауданы, №176 мектеп — гимназиясында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбында өзін-өзі тану пәнінің онкүндігі өтті.  

Алғашқы күні өзін-өзі тану адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның 80 жылдық меретойына арналған «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»  тақырыбында өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері, педагог-психологтар, сынып жетекшілер, пән мұғалімдері, мектеп әкімшілігінің қатысуымен апталықтың ашылуы ZOOM платформасы арқылы қашықтықтан  видеоконференция түрінде өткізілді. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның өмірлік еңбек жолы, қызметі туралы «Мейірімін төккен  АНА»  тақырыбында мектеп кітапханашысымен біріге ұйымдастырылған онлайн кітап көрмесі жасалынды, С.А.Назарбаеваның «Адамгершілік және рухани өсудің 12 қадамы» тақырыбында дәйексөздер барлық оқытушылар, оқушылар арасында таныстырылып ақпараттық стенд шығарылды.   Өзін-өзі тану пәні мұғалімдері қашытықтан онлайн форматта  ашық сабақтар өткізіп, сабақтар  өз мақсатына жетті, оқушылар қызығушылықпен қатысып, сабақтар бір – біріне тілек айту,  жылулық сыйлаумен аяқталды. 7 сынып оқушылары арасында «Алтын жүрек анамыз», «Махаббатқа толы жүрек» тақырыбында 7-сынып оқушылары эссе жазды.   7 «В» сынып оқушысы Ерік Амира Дәуренқызының «Алтын жүрек анамыз» тақырыбында жазған эссесі қалалық байқауға жіберілді.

Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасымен білім беру үдерісіне енгізілген рухани-адамгершілік тәрбиеге күш берген «Өзін-өзі тану» бағдарламасы осы-рухани-адамгершілік тәрбиеден бастау алып, жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыруды қолдайды. Біздің халқымыз үшін жан-жақты жетілген тұлға дегеніміз, ең алдымен ұлттық тәрбиенің нәрінен сусындап, бала жастан бойында ұлттық тәрбиені қалыптастырған жан.
Жастарға нақты білім негіздерін меңгертіп, олардың бойына рухани-адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпы азаматтық құндылықтарды өмір бойы басшылыққа алып, өмір сүретін тұлға қалыптастыруды басты назарға ала отырып 12-ақпан күні сынып жетекшілер барлық сыныптарда С.А.Назарбаеваның 80-жылдық мерейтойына орай «Махаббат жолындағы өмір» тақырыбында онлайн форматта сынып сағаттарын өткізді.

«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің жабылуы өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері, педагог-психологтар, сынып жетекшілер, пән мұғалімдері, оқушылардың қатысуымен ZOOM платформасында онлайн видеоконференция  түрінде талқыланып, өз мәресіне жетті.

А.Есенжолова №176 мектеп-гимназиясының өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *