150 қазақстандық шекара қызметінің әскери жиындарына шақырылады

150 қазақстандық шекара қызметінің әскери жиындарына шақырылады
Сурет: ашық дереккөз

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «2023 жылы әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру туралы» бұйрық дайындады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 

2023 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы және Түркістан облыстары бойынша департаменттерінде әскери жиындардан өту үшін 150 әскери міндетті күнтізбелік 30 күн мерзімге шақырылсын, - делінген бұйрықта. 

Әскери жиынды өткізу  2021-2023 жылдарға ҰҚК Шекара қызметінде жұмылдыру дайындығын жетілдіру жоспарында қарастырылған.

Жобаны әзірлеу 30 тәулік ішінде ҰҚК Шекара қызметінің Алматы мен Түркістан облыстары департаменттерінің базасында (әр департаментте 75 адамнан) запастағы әскери міндеттілерді (150 адам) әскери білімге және машыққа үйрету үшін әскери жиындар өткізуге бағытталған.