150-ге жуық алматылық ПИК-тен МИБ-ке өту бойынша кеңес алды

150-ге жуық алматылық ПИК-тен МИБ-ке өту бойынша  кеңес алды
almaty-akshamy.kz

Тұрғын үй саясаты басқармасы өткізген Ашық есік күні аясында қала тұрғындарына МИБ және ҚС-ға көшу алгоритмдері және тұрғын үй-коммуналдық қатынастар саласындағы басқа да мәселелер бойынша кеңестер берілді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Ведомствоның мәліметінше, шараға 150-ге жуық қала тұрғыны қатысқан.

Еске салайық, ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сәйкес, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері тұрғын үйге кірген заңның күшіне енген күнінен бастап бір жыл ішінде көп пәтерлі тұрғын үй кеңесін сайлау және кондоминиумды басқарудың жаңа нысанын таңдау туралы шешім қабылдау үшін пәтерлердің, көп пәтерлі тұрғын үйлердің тұрғын емес үй-жайларының меншік иелерінің жиналысын өткізуге міндетті.

Қолданыстағы басқару органдарына келетін болсақ, олар 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін үйге арналған барлық қолда бар құжаттаманы МИБ төрағасына / ҚС уәкілетті өкіліне беруге міндетті.

«Меншік иелері үшін МИБ немесе ҚС таңдау, ең алдымен, өз үйін басқару және шығындарды оңтайландыру мүмкіндігі болып табылады. Сонымен қатар, меншік иелері басқару органының қаржылық-шаруашылық қызметінің ашықтығының жоқтығына жиі шағымданады. «Бір үй – бір шот – бір меншік иелерінің бірлестігі» – бұл меншік иелеріне ақша қаражатының қозғалысын және олардың мақсатты пайдаланылуын бақылауға мүмкіндік беретін қағида», - деп түсіндірілді басқармада.