15 сәуірге арналған ауа райы болжамы

15 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Сурет: Slovoidilo.ua

Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста, солтүстікте тұман түседі.

«Қазгидромет» мамандары 15 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Синоптиктердің мәліметі бойынша, циклонның әсеріне байланысты еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын жауып, найзағай ойнайды.

«15 сәуірде Қазақстанның өзге өңірлеріндегі күн райына антициклон жотасы әсер етіп, күн ашық болады. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста, солтүстікте тұман түседі. Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, облыстың солтүстігі мен шығысында жел 18-23 м/с жылдамдықпен соғады. Күндіз Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 28 м/с дейін жетеді», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.