14 өңір «жасыл» аймақта

14 өңір «жасыл» аймақта
Cурет: Almaty-akshamy.kz

«Сары» аймақта үш облыс тұр

2021 жылғы 18 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оған сәйкес, «қызыл» аймақта орналасқан өңірлер жоқ.

«Сары» аймақта Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

«Жасыл» аймаққа Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстары енген.