14 жасар қазақ теннисшісі Барселонадағы жарыстың жеңімпазы атанды

14 жасар қазақ теннисшісі Барселонадағы жарыстың жеңімпазы атанды
Сурет: Ашық дереккөз

Қазақстандық Томирис Нұржан Барселонада өткен Open Banc Sabadell U-14 Champion турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, 14 жасар қазақстандық теннисші финалда жергілікті ойыншыны 6:4, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Чемпионға сыйлықты Каталония мэрі тапсырып, оның жеңіске деген жігерін атап өтіп, жас қазақстандықты қолдауға дайын екендігін жеткізді.

Осы жеңісінің арқасында Томирис сегіз үздік теннисшімен бірге сәуір айында Барселонада өтетін жарыста өнер көрсетеді. Бұл дода ATP 500 турнирімен қатар өтеді.