14 адамның атынан несие алған әйел ұсталды

14 адамның атынан несие алған әйел ұсталды
Cурет: Ашық дереккөз

Жұмыссыз әйел «кредит алуды» кәсібіне айналдырып алған

Қарағанды облысында алаяқ әйел 14 ауыл тұрғынының атынан несие рәсімдеп алған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

7 ақпан күні Жаңаарқа ауданының полиция бөліміне 61 жастағы ауыл тұрғыны жүгінген. Белгісіз біреу оған банктердің бірінде 500 мың теңге көлемінде тауарлық несие рәсімдеген. Бұл туралы тұрғын банктен қоңырау шалып, қарызды жабуды сұрағанда ғана білген. 

Мамыр айының ортасында атқарылған жұмыстармен ауданның криминалдық полиция қызметкерлері Жаңаарқа ауданының 28 жастағы тұрғынын анықтады. Жұмыссыз әйел «кредит алуды» кәсібіне айналдырып алған. Оның тағы 13 ауыл тұрғынына 15 млн теңгеге жуық несие рәсімдегені белгілі болды.