13 мамыр - халықаралық отбасы күні

13 мамыр - халықаралық отбасы күні
Сурет: Zoloto55.kz

Бүгін халықаралық отбасы күні. Атаулы күнді елордалық жас жұбайлар атаулы күнді ерекше атап өтті.

Есіл ауданынағы АХАЖ бөлімі мереке қарсаңында шаңырақ көтерген 5 жұпқа неке куәлігін салтанатты түрде тапсырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап. 

Одан бөлек, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде бір ай бұрын некеге тұруға өтініш білдірген 15 жас отау тіркеді.

"Отбасын құруымызға 7 күн қажет болды. Осындай керемет күні, оған қоса жұмада, Құдайдың қалауымен осындай кереметтей ғимаратта некені қиғалы тұрмыз. Қазір менде қатты толқыныс болып тұр. Бірінші рет отбасы құрғалы тұрмын. Мен үшін ең керемет күн",- дейді қала тұрғыны Санжар Асқарұлы. 

"Күніне 20-дай жұп өтініш береді. Қазір неке деген көбейіп жатыр. Жанұяға біз көп мән береміз. Жас жұбайлар осындай күн бар екенін білулері керек. Жас жұбайларға жақсылық тілейміз. Бақытты болсын", - дейді АХАЖ бөлімінің басшысы Раушан Зарирова.