13-15 жастағы жеткіншектер электронды темекіге әуес

13-15 жастағы жеткіншектер электронды темекіге әуес
Сурет: Halyqline.kz

Қазақстанда темекіге тәуелді жандар көбейген. 

Олардың санын Денсаулық сақтау министрлігі атады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Ересек халықтың 21,5 пайызы, яғни 2,8 миллион адам, оның ішінде ерлердің 38,3 пайызы және әйелдердің 6,4 пайызы қазіргі уақытта темекі шегеді», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері.

Сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы шылым шегу статистикасы да тілге тиек етілді.

«Ұлдар арасында бұл көрсеткіш 10 пайызға жетсе, қыздардың 6 пайызы темекі шегетіні анықталды. Сондай-ақ электронды темекіні пайдаланатын жасөспірімдердің үлесі айтарлықтай артты. Оларды көбінесе 13-15 жас аралығындағы жасөспірімдер шегеді», - делінген хабарламада.