1267 адам коронавирустан жазылды

1267 адам коронавирустан жазылды
Сурет: Iz.ru

Осы кезге дейінгі емделіп, сауығып шыққан адамның жалпы саны – 379 974.

Қазақстанда өткен тәулікте 1267 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 305, Алматы қаласы - 222, Шымкент қаласы - 5, Ақмола облысы - 33, Ақтөбе облысы - 29, Алматы облысы - 12, Атырау облысы - 113, Шығыс Қазақстан облысы - 68, Батыс Қазақстан облысы - 168, Қарағанды облысы - 115, Қостанай облысы - 33, Қызылорда облысы - 17, Маңғыстау облысы - 53, Павлодар облысы - 44, Солтүстік Қазақстан облысы - 26, Түркістан облысы - 24. Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 379974.