12 жасар Зарина Нұрғалиева - шахматтан әлем кубогінің қола жүлдегері

12 жасар Зарина Нұрғалиева - шахматтан әлем кубогінің қола жүлдегері
Сурет: Egemen.kz

Атыраулық 12 жасар шахматшы әлем кубогының қола жүлдегері атанды

31 тамызда Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында жылдам шахматтан әлем кубогы өткізілді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Әлем кубогына Tornelo.com платформасы арқылы іріктелген жас шахматшылар қатысты. Соның бірі - атыраулық Зарина Нұрғалиева. Спорт шеберлігіне үміткер санатын иеленген шахматшы 12 жасқа дейінгі қыздар арасындағы сайыста қола жүлдеге ие болған.

Әр санаттағы үздік үш қатысушы ФИДЕ-нің жүлде қоры 30 000 еуроны құрайтын 2021 жылғы онлайн кубогы үшін өтетін суперфиналға қатысуға үміткер болады.