12 өңірде тариф төмендетілді

12 өңірде тариф төмендетілді
Сурет: Тengrinews.kz

Сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электр энергиясын беру, газ тасымалдау бойынша.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті еліміздің бірқатар өңірлерінде жалпы сомасы 9,05 млрд.теңгеге коммуналдық қызметтерге тарифтердің төмендегендігі туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бүгінгі күні ТМС-ның  2021 жылғы есептеріне талдау жүргізу шеңберінде 12 өңірде, атап айтқанда, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар, Қызылорда облыстары бойынша мынадай салаларда: сумен жабдықтау – 162 млн. тг, жылумен жабдықтау –  379 млн. тг, су бұру – 22 млн. тг, электр энергиясын беру – 37 млн. тг, тауарлық газды тасымалдау – 9 млн. тг жалпы сомасы 609 млн. теңгеге тарифтер қосымша төмендетілді. 

Нәтижесінде, қазіргі уақытта бекітілген УӨТ жалпы сомасы (бұрын аталған сомаларды ескере отырып) 9,66 млрд. теңгені құрайды.

ТМРК монополист - субъектілердің есептеріне талдау жұмыстарын жалғастыруда, нәтижелері  қосымша  хабарланатын болады.