Бір тәулікте 12 275 алматылық екпе салдырды

Бір тәулікте 12 275 алматылық екпе салдырды
Сурет: Vlast.kz

Бүгінгі күнге дейін екпенің толық дозасын алғандардың жалпы саны 298 003 адамға жеткен. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 
"29 маусым күні 12 275 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 29 маусымы аралығында қалада вакцинаның толық дозасын 298 003 адам алды. Вакцина алғандардың ішінде 76 660 адам - 60 жастан асқан қариялар" - деп хабарлады басқарма. 


Қалада 208 егу пункт жұмыс істеп тұр. 1 256 адамнан тұратын 307 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.


 «Қазіргі таңда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцина салу пункттері жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 


Қала бойынша вакцинаның қалдығы – бірінші компоненттің 54 680 дозасы және екінші компоненттің 109 491 дозасы бар. Айта кетейік, 26 маусым күні Алматыға QazVac вакцинасының 1 және 2 компонентінің 9 000 дозасы жеткізілді.