№ 115 маршрут екі бағытқа бөлінеді

№ 115 маршрут екі бағытқа бөлінеді
almaty-akshamy.kz

№115 маршруттың сызбасы өзгертілуі туралы

Алматы қалалық мобилділік басқармасы жолаушылардың сұранысы бойынша 19 қаңтардан бастап № 115 маршрут екі бағытқа бөлінетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Енді № 115 маршрут "Теректі" шағынауданынан Арай көшес-Қожабеков көшесі - Ақсай көшесі - Райымбек даңғылы - Момышұлы көшесі - "Зерілді" шағынауданына кіріп, кейін Момышұлы көшесіне шығып, Ақын Сара көшесінен бұрылып, кері бағытта қозғалатын болады.

Ал № 115А маршруты №7 қалалық ауруханадан  Райымбек даңғылы- Момышұлы көшесі - Рысқұлов даңғылы одан әрі Емцов көшесіне дейін жүріп,  кейін қарай бұрылады да, Сағи Әшімов көшесіне шығады. Әрі қарай Бенберин көшесі- Строительная көшесі - Күлтегін көшесі - Жанқожа батыр көшесі - ҮАК. ҮАК-нан кері қарай бұрылып, сызбасы бойынша бағыттайтын болады.