11 жастағы қазақстандық акробат әлем чемпионы атанды

11 жастағы қазақстандық акробат әлем чемпионы атанды
Cурет: Vesti.kz

Жас спортшы 16 желтоқсанда - Тәуелсіздік күні 12 жасқа толады

11 жастағы қазақстандық спортшы Ислам Қабдоллов батуттық гимнастикадан әлем чемпионатында алтын медаль жеңді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Жас топтары арасындағы турнир Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатыр. Қабдоллов 11-12 жас аралығындағы топта Қазақстан құрамасының намысын қорғады. Ол 31.100 ұпай жинап, үздік атанды.

Бір қызығы, жас спортшы 16 желтоқсанда - Қазақстанның Тәуелсіздік күні 12 жасқа толады.