11 жасар бала өз азаматтығын көрсетті

11 жасар бала өз азаматтығын көрсетті
Сурет: Altyn-orda.kz

Ол бар жиған-терген ақшасын қуаңшылық кезінде қиналып жатқан малшыларға берді.

Кентаулық жасөспірімді қуаңшылық орнаған аймақтарындағы малдың жаппай қырылуы бейжай қалдырмаған. Сол себептен ол малшыларға көмектесу мақсатында оларға бар жинаған ақшасын жолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Altyn-orda.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Жем-шөп жетпей, малдардың арықтап, қырылып жатқанын көріп, оларға көмектескім келді. Сондықтан Қазақстан Республикасының азаматы ретінде қиналып жүрген малшыларға өзімнің жиған-тергенімді жолдағым келеді. Бұл –әр қазақстандықтың жауапкершілігі», – дейді 11 жасар Диас. 

Бейнежазба Қазақстанның Shopan-ata ұлттық шопандар қауымдастығының президенті Алмасбек Садырбаевтың желідегі парақшасында пайда болды.