11 сәуірге арналған ауа райы болжамы

11 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Cурет: Ашық дереккөз

Республика бойынша жел күшейеді деп күтілуде.

"Қазгидромет" Қазақстан аймақтарында 2022 жылғы 11 сәуірде болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ауқымды антициклон ҚР территориясының басым бөлігінде жылы, жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастыратын болады. Тек еліміздің оңтүстігі мен солтүстік-батысында атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте дауыл соғып, батыста тұман болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының түнде солтүстігі мен оңтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 23 м/с дейін күшейеді деп күтілуде.

Күндіз Алматы облысының солтүстігі мен шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл, таулы, тау бөктерлі аудандарында желдің 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде найзағай жарқылдайды.

Қостанай облысының түнде оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшеюі, оңтүстігінде тұман түсіп, найзағай ойнайды. Қарағанды облысының батысында найзағай ойнаса, шығысы мен орталығында желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда облысының орталығында найзағай ойнап, дауыл тұрады, орталығы мен оңтүстігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл облысының солтүстік-батысында, батысы мен таулы аудандарында желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 23 м/с дейін күшейеді, күндіз таулы аудандарында найзағай ойнайды.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, түнде Атырау облысының батысында тұман түседі.