11 қарашадан бастап Қонаевтан Алматыға дейін пойыз қатынайды

11 қарашадан бастап Қонаевтан Алматыға дейін пойыз қатынайды
Сурет: Ашық дереккөз

Пойыз тәулігіне бір рет жүреді

11 қарашадан Қонаев қаласынан Алматыға пойыз қатынай бастайды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Пойыз тәулігіне бір рет жүреді. Жылжымалы құрам Алматы-1 станциясынан сағат 06:44-те жөнелтіліп, Қапшағай станциясына сағат 08:35-те келеді. Ал Қапшағай станциясынан сағат 19:15-те жөнелтіліп, Алматы-1 станциясына сағат 20:50-де келеді. Пойыз құрамында жалпы жолаушылар сыйымдылығы 175 орынды құрайтын 3 вагон бар», - деді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Бұған дейін Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаев пойыз тоқтайтын платформаны жөндеу, абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын екенін айтқан болатын.

Еске салайық, 19 қазанда Алматы облысына жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысы Алматы мен Қонаев қалаларының арасындағы электр пойызын қайта іске қосуды тапсырған болатын.