11 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

11 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Тwitter.com

Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігі ауқымды антициклон ықпалында болады.

Осыған орай жауын-шашынсыз күн райы күтіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті.

Республиканың тек батысы мен шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болжанады. Елдің жекелеген өңірлерінде тұман, көктайғақ, екпінді жел, жаяу бұрқасын болады.

Атырау облысының батыс және орталық бөлігінде тұман, көктайғақ болжанады. Өңірдің шығысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде Маңғыстау облысының батысы мен орталығында – көктайғақ, оңтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықта жел күтіледі.

Күндіз Ақтөбе облысының батысында жаяу бұрқасын болжанады, өңірдің шығысында түнде желдің күші 15-20 м/с артады.

Түркістан облысының оңтүстігі мен батысында, сондай-ақ таулы, тау бөктерлі аумақтарында тұман болжанады. Таулы аудандарда желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында тұман, көктайғақ болады. Жалаңашкөл аумағында желдің жылдамдығы 18-23 м/с артады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде жел 15-20 м/с жетеді. Өңірдің солтүстігінде түнде жаяу бұрқасын жүреді.

Жамбыл облысының солтүстігі мен таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысының оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Қостанай және Қарағанды облыстарының шығысында, Қызылорда облысының орталығында, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының оңтүстігінде тұман болады.