1068 адамнан коронавирус табылды

1068 адамнан коронавирус табылды
Сурет: Google.com

Бұл - еліміз бойынша науқасқа шалдыққандар саны.

Қазақстанда өткен тәулікте 1068 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР арқылы анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Ал вирус табылғандардың аймақтар бойынша көрсеткіші мынадай: Нұр-Сұлтан қаласы - 294, Алматы қаласы - 112, Шымкент қаласы - 50, Ақмола облысы - 32, Ақтөбе облысы - 22, Алматы облысы - 31, Атырау облысы - 52, Шығыс Қазақстан облысы - 76, Жамбыл облысы - 14, Батыс Қазақстан облысы - 89, Қарағанды облысы - 160, Қостанай облысы - 32, Қызылорда облысы - 7, Маңғыстау облысы - 21, Павлодар облысы - 43, Солтүстік Қазақстан облысы - 14, Түркістан облысы - 19. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 404064.