101 815 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр - ДСМ

101 815 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр - ДСМ
Cурет: Ашық дереккөз

425 адамның жағдайы ауыр

6 ақпандағы мәлімет бойынша 101 815 адам коронавирус инфекциясынан 100 617 КВИ+ және 1 198 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың ішінде:
9 754 пациент стационарда,
92 061 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда,
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
425 адамның жағдайы ауыр,
158 пациенттің жағдайы өте ауыр,
95 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.