100 өлең жаттап көлікті болды

100 өлең жаттап көлікті болды
Сурет: 24.kz

Қостанай облысы атынан байқауға қатысқан А.Байтұрсынов атындағы өңірлік университеттің 4 курс студенті Ақерке Жанмұрат байқау жеңімпазы атанып, Chevrolet Nexia автокөлігін иеленді.

Алматы қаласында ASSYLTAS қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «100 өлең» республикалық байқауы аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

24.kz сайтының хабарлауынша, байқаудың басты талабы - 100 қазақ ақынының 100 өлеңін жатқа оқу болды. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты байқаудың бірінші іріктеу кезеңі ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта өтті. 500-ден астам қатысушы өлеңдерді тікелей эфирде оқып, олардың 25-і ғана жартылай финалға өтті. 

Финалда барлығы 4 қатысушы кездесті. Қостанай облысы атынан А.Байтұрсынов атындағы өңірлік университеттің 4 курс студенті, байқау жеңімпазы Ақерке Жанмұрат қатысты. Ақерке XVII-XXI ғасырлардағы түрлі қазақ ақындарының шығармаларын таңдады. Авторлар арасында Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев және тағы басқалары болды. Қазіргі ақындар: Бақыт Беделхан, Исраил Сапарбай, Маралтай Райымбекұлы, Есенғали Раушанов және Олжас Қасым да назардан тыс қалған жоқ. 

Байқаудың бас жүлдесіне Chevrolet Nexia жаңа автокөлігі қойылды. Айта кетейік, бұл Ақерке байқаулардағы алғашқы жеңісі емес – бұрын бойжеткен республикалық пәндік олимпиадаға, халықаралық деңгейдегі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойынына, сондай-ақ өлең оқудың түрлі облыстық байқауларына қатысып, абсолютті жеңімпаз атанған болатын.