10 жыл бұрын ерлікпен қаза тапқан Ғазиз Байтасовқа арналған ескерткіш тақта ашылды

10 жыл бұрын ерлікпен қаза тапқан Ғазиз Байтасовқа арналған ескерткіш тақта ашылды
Сурет: Egemen.kz

Таразда теракт кезінде қаза тапқан «Халық қаһарманы» Ғазиз Байтасовқа арналған ескерткіш тақта Алматыда ашылды


Қарулы лаңкесті ұстау кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкері Ғазиз Байтасовтың есімін ел есінде мәңгілікке сақтау мақсатында елімізде көптеген шаралар атқарылды. Батыр ұлға «Халық қаһарманы» атағы беріліп, жер-жерлерде Ғ.Байтасовқа арналған ескерткіш тақталар ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Егемен Қазақстан" басылымы сайтының ақпараты бойынша, аталған оқиғаға биыл 10 жыл болған. Соған орай Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында «Халық қаһарманы» Ғазиз Байтасовқа арналған бұрыштама тақта ашылды. Оған батырдың жұбайы арнайы шақырылды.

Алматы академиясының басшысы Айдар Сайтбеков пен марқұмның жұбайы Гүлжамал Махамбетқызы бұрыштама тақтаны салтанатты түрде ашты.

Жаңа ашылған бұрыштамаға оркестр әуенімен гүл қою рәсімі өтті. Академия ғимаратында экскурсия ұйымдастырылып, клубта оқытушы-профессорлық құраммен, курсанттармен кездесу өткізілді. Ғазиз Байтасовтың ерлігі жайлы деректі фильм көрсетілді.