10 тамызға арналған ауа райы болжамы

10 тамызға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөзі

Республиканың басым бөлігінде жауын жауады

Қазақстан синоптиктері 10 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty- akshamy.kz.

Республиканың басым бөлігінде жауын жауады. Ал орталықта, солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын жаууы мүмкін. Сонымен қатар күн күркіреп, екпінді жел соғады. Күндіз оңтүстік-шығыста бұршақ жауады.

Республиканың солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстікте таңертең және күндіз шаңды дауыл соғады.

Қарағанды облысының басым бөлігінде, оңтүстікте, шығыста, Ақмола облысының орталығында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Жамбыл, Алматы облыстарының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады.

Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында қатты ыстық болады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.