10 маусымға арналған ауа райы болжамы

10 маусымға арналған ауа райы болжамы
Cурет: Ашық дереккөз

Найзағай ойнап, дауыл тұрады, аптап ыстық болады 

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы мен еліміздің 10 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Нұр-Сұлтанда күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ақмола облысының түнде шығысында, күндіз батысында найзағай жарқылдап, бұршақ түседі, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнап, күн күркірейді деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз оңтүстікте, солтүстік-шығыста соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, күндіз оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, күн күркірейді деп күтіледі. Түнде өңірдің оңтүстік-шығысында, күндіз солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында және тау бөктерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, солтүстікте, батыста шаңды дауыл болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Таңертең және күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды.

Күндіз Қостанай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде 36 градус аптап ыстық болады деп күтіледі. Семейде күндіз 34-36 градус қатты ыстық болады.

Қызылорда облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыс орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қызылордада күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, батысында найзағай ойнап, бұршақ жауады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, Петропавлда күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз солтүстікте, шығыста соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.