1 қыркүйектен бастап алматылықтардың вакциналау статусы тексеріледі

1 қыркүйектен бастап алматылықтардың вакциналау статусы тексеріледі
almaty-akshamy.kz

Алматыда 1 қыркүйектен бастап кәсіпорын қызметкерлерінің коронавирусқа қарсы екпе алғанын тексере бастайды. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


«Тексеру жұмыстары 1 қыркүйектен басталады. Оған дейін тексеру алгоритмі анықталады», - деді Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов.


ҚР бас мемлекеттік сандәрігердің 2021 жылдың 14 шілдесіндегі қаулысына сәйкес, вакциналау мерзімі анықталды: 2021 жылдың 10 тамызына дейін профилактикалық екпенің бірінші дозасын, 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін екінші дозасын алу керек (оған медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдар мен соңғы 3 айда коронавируспен ауырып шыққандар кірмейді).


«Демек, қызметкерлердің толықтай вакцина алғанын осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап тексеруі мүмкін», - деп нақтылады ведомстводан.