1-сыныптан бастап жаңа пән енгізіледі

1-сыныптан бастап жаңа пән енгізіледі
Сурет: kanal-o.ru

Бұл туралы сенатта өткен парламенттік тыңдауда вице-премьер Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

2022-2023 оқу жылында барлық мектепте еңбекке баулу сабақтары оқытылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Мектепке қайта оралатын пән 1-сыныптан бастап оқытылады деген жоспар бар.

«Балаларды тәрбиелеу кезінде еңбекке баулудың маңызы зор. Оны бәріміз жақсы білеміз. Сондықтан жаңа оқу жылында 1-сыныптан бастап «Еңбекке баулу» пәні қайта енгізіледі», - деді Тоғжанов.

Вице-премьердің айтуынша, қазіргі кезде республикадағы мектептердің 7 проценті өз аумағында жылыжай ашқан. Үкімет осы тәжірибені кеңейтіп, жылыжайларды барлық мектепте ашуды жоспарлап отыр. Сол жерде оқушылар жұмыс істейді.

Бұдан бөлек, мектептерде кәсіптік бағдар беретін мамандар болады. Олар оқушыларға болашақ мамандықты таңдауға көмектеседі.