Бірінші сыныпқа қабылдау үшін 13 мыңнан астам өтініш түскен

Бірінші сыныпқа қабылдау үшін 13 мыңнан астам өтініш түскен
Сурет: Inform.kz

Бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды 1 сәуірден бастап, 2022 жылғы 1 тамызға дейін тапсыруға болады.

Балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін 13 мыңнан астам электронды өтініш түсті. Қабылдаудың бірінші күні, яғни жұмада, 10 мың, бүгін жұмыс күні басталғалы бері тағы 3 мың өтініш түсті. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап.

Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін балаларды мектепке қабылдау қызметі автоматтандырылған. Бұл жұмыс egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

«Біз азаматтарға көрсетілетін барлық қызметті автоматтандыруға баса назар аударамыз. ҰБТ, барлық деңгейдегі олимпиада электронды форматқа көшірілді. Мұның көптеген артықшылығы бар, ең бастысы – барлық процестің ашықтығы. Біз ашықтықты және азаматтарға қолайлы жағдай жасауды қолдаймыз. Құжаттарды қабылдаудың бірінші күнінің өзінде egov.kz порталы арқылы 10 мыңнан астам электронды өтініш келіп түсті. Мұндай сандар ҚР БҒМ-нің цифрлық мемлекеттік қызметтері азаматтар арасында танымал екендігін көрсетеді», - дейді Білім және ғылым вице-министрі Айбат Ілиясов.