1 шілдеге дейін алматылықтар кондоминиум объектісін басқару нысанын ауыстыруы қажет

1 шілдеге дейін алматылықтар кондоминиум объектісін басқару нысанын ауыстыруы қажет Суретті түсірген Қайрат ҚОНЫСБАЙ

2023 жылғы 1 шілдеден бастап ПИК пен ПИТК заң бойынша өз қызметін тоқтатуға тиіс. Оның орнына меншік иелері басқарудың жаңа нысанын таңдауы керек. Мұндай нысандар болуы мүмкін:


1) мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ);


2) көппәтерлі тұрғын үйдің жай серіктестігі (ЖС).


 Жаңа нысанның бұрынғы ПИК пен ПИТК-ден басты айырмашылығы бір үй-бір бірлестік-бір шот схемасы болып табылады. Әрбір үйді басқарудың жеке тәсілін көздейтін, сондай-ақ тұрғындарға ақша түсімдері мен олардың жұмсалуын бақылау мүмкіндігімен тек өз үйін күтіп-ұстауға қаражат жинауға мүмкіндік беретін қағида. Шын мәнінде, әр үйде төраға және тексеру комиссиясы сайланады. Түбегейлі айырмашылық – МИБ төрағасы дәл осы үйдің тұрғыны болуы керек.


 ПИК пен ПИТК-де бұл процесс бір төрағаның басқаруындағы үйлердің көптігіне байланысты мүмкін болмады. ПИК және ПИТК өкілдерімен көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындары мен меншік иелерінің даулары бойынша жинақталған оқиғаларды талдау басқару нысанын өзгертудің шұғыл қажеттілігін көрсетті.


 МИБ пен ЖС арасындағы негізгі айырмашылыққа келетін болсақ, бұл МИБ – заңды тұлға, ЖС - заңды тұлға құрмайтын серіктестік. Басқа нюанстардың болуы принципиалды емес және бастамашыл тобымен КПТҮ пәтерлері мен тұрғын емес үй-жайлар иелерінің жиналысында түсіндіріледі.


 Қазіргі уақытта Алматыда 8879 көппәтерлі тұрғын үй бар, оның 7129-ы басқарудың жаңа нысандарына өтуге жатады.


 МИБ құру алгоритмі қарапайым және үш негізгі қадамнан тұрады: біріншісі-кворумы кемінде 50% болатын тұрғындардың жиналысын ұйымдастыру; екіншісі - төрағаны, үй кеңесін және тексеру комиссиясын сайлау (жиналыс хаттамасын жүргізу және қол қою қажет); үшіншісі - құжаттарды ХҚКО-ға тапсыру. МИБ-ті мемлекеттік тіркеу 5 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04