1 шілдеге арналған ауа райы болжамы

1 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөз

Найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін 

Синоптиктер Қазақстанда 1 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды: республикада найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейеді, тұман түседі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қазақстанның батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды учаскелер әсерін сақтайды, соған байланысты ауа райы құбылмалы болады: батыста найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша желдің күшейіп, түнде және таңертең Қазақстанның солтүстігінде тұман күтіледі»,-делінген «Қазгидромет» РМК таратқан мәліметте.

Болжам бойынша, күндіз Алматының солтүстігінде, Жетісу, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.

«Қызылорданың басым бөлігінде, Алматы, Абай облыстарында, Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, Атыраудың батысында, Ұлытаудың оңтүстік-батысында, Қарағандының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады»,  – деді синоптиктер.