1 млн ауыл тұрғынының табысы артпақ

1 млн ауыл тұрғынының табысы артпақ
Сурет: Тotal.kz

Ауылдың әлеуеті көтерілмек

Қазақстанда 1 млн ауыл тұрғынының табысын арттыру жоспарлануда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл - Агроөнеркәсіпті кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасында көзделген мақсат.

Құжатты үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев таныстырды.

Министр мәлім еткендей, ұлттық жобаны әзірлеу кезінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудағы жаһандық сын-қатерлер мен әлемдік трендтер, алдыңғы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру қорытындылары ескерілген.

«Ұлттық жобаның мынадай негізгі міндеттері айқындалды: еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру, отандық өндірістің негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі, өңделген өнім үлесін 70% дейін жеткізе отырып агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын 2 есеге ұлғайту, 7 ірі экожүйе қалыптастыру және инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен 1 млн ауыл тұрғынының табысын тұрақты арттыру», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.

Сондай-ақ министр Ұлттық жобаны іске асыруда 4,1 трлн теңгеге 582 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отырғанын атап айтты.