«Бақытты балалық шақ» ойын-сауықтық мерекелік бағдарламасы

«Бақытты балалық шақ» ойын-сауықтық мерекелік бағдарламасы
Сурет: Ашық дереккөз

Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бақытты балалық шақ» ойын-сауықтық мерекелік бағдарламасын, жуырда ғана тұсауы кесілген «Есте сақта, балақай!» ақпараттық-танымдық қойымының көрсетілімін қаламыздағы мүмкіндігі шектеуші, аз қамтылған, мүгедек және көп балалы отбасылардың бүлдіршіндеріне ұсынбақ. Сонымен қатар, онлайн форматта ұйымдастырылған «Мен бақытты баламын!» көркем сурет байқауының жеңімпаздарын алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапаттау жоспарлануда. 

«Бақытты балалық шақ» ойын-сауықтық мерекелік бағдарламасы:

Әуезді ән мен көңілді би, танымдық ойындарға құрылған заманауи бағыттағы ойын-сауықтық бағдарлама бүлдіршіндерді таңғажайып ертегілер әлеміне жетелейді. Бағдарлама барысында балалардың сүйікті кейіпкерлері ЛОЛ, Киси-Миси, Хаги-Ваги, Тимон және Пумба, Микки Маус, Дональд Дак, Маша мен Аю, Миньондар және Алдар көсе мен шық бермес Шығайбай сынды бойлы қуыршақтар сан алуан тосынсыйларын ұсынады. Ұмытылмас мерекені бізбен бірге көңілді өткізіңіз, қадірлі көрермен!

«Есте сақта, балақай!» спектаклі:

Қоғам өмірінде маңызды орын алатын, әрбір адам білуге және ұстануға тиіс салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану, өрт қауіпсіздігі және жол жүру ережелерін қаншалықты жетік білеміз?! Күнделікті өмірде осы ережелерді қатаң сақтап жүрміз бе?! Бүлдіршіндер қызығушылығына сай интерактивті бағытта сахналанған «Есте сақта, балақай!» ақпараттық-танымдық қойылымы осы сауалдарға жауап іздейді. Астары терең тәрбиеге ие жауапкершілікке, тазалыққа, жан-жақтылыққа, кішіпейілділікке шақыратын қойылым көрермендерді бейжай қалдырмасы анық.

Өтетін күні: 1 маусым, 2023ж.,

Өтетін уақыты: 14:00 (мерекелік бағдарлама), 15:00 (қойылым көрсетілімі)

Өтетін орны: Мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі 63.

Іс-шара ұзақтығы: 1 сағат, 30 минут.

Байланыс нөмірлері: 8 727 222 20 10, 8 777 128 94 18