1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
Cурет: Inform.kz

Атаулы мереке 1996 жылдан бастап атап өтіледі

Бүгін Қазақстан халқы Бірлік күні мерекесін атап өтеді, деп хабарлайд Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атаулы мереке ел Президентінің Жарлығына сәйкес, 1996 жылдан бастап атап өтіледі.

Қазақстан көпұлтты ел екені баршаға мәлім. Тәуелсіздік алғалы 130-дан астам ұлт өкілі ел аумағында тату-тәтті өмір сүріп келеді.
Қазақстан – Орталық Азия елдері арасында татулықтың үлгісі деуге болады. Себебі бірнеше ұлт өкілі салт-дәстүрі мен ұстанымына қарамастан ынтымақтастықта өмір сүріп жатыр.

Біздің ел – 30 жылдан астам тәуелсіздік тарихында сандаған ұлттың ұйытқысына айналып отыр.

Бүгінде Қазақстан Республикасы аумағында бірнеше ұлт өкілі өзара ынтымақтастық пен татуластықты ту етіп тіршілік етуде.
Ел басына қиын-қыстау заман туғанда кез келген халықтың бірлігі ішінара бірлік және ынтымақтастықпен өлшенеді. Осы орайда Қазақстан халқы ұлты мен дініне қарамастан Тәуелсіздік алғалы ұлт ретінде ұйып, бірлікті берік ұстанып келеді.