1 қыркүйектен бастап локдаун жарияланады деген ақпарат шындыққа жанаспайды

1 қыркүйектен бастап локдаун жарияланады деген ақпарат шындыққа жанаспайды
Сурет: Elorda.info

Әлеуметтік желіде биыл пандемияның жаңа толқыны басталып, 1 қыркүйектен бастап локдаун жарияланатыны туралы ақпарат тарады.

Бұл ақпаратты ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 

«Бүгінде коронавируспен сырқаттанушылықтың төмендегені байқалады. Сырқаттанушылық аздап өсті, бірақ эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Баршаңызды вакцина алуға және ревакцинациядан өтуге, қоғамдық орындарда бетперде тағуға және мүмкіндік болса, COVID-19 жұқтырмас үшін шет елдерге сапар шекпеуге шақырамыз. Карантин шараларын күшейту немесе жеңілдету туралы шешімді ведомствоаралық комиссия қабылдайды. Қазіргі таңда карантин жариялау туралы мәселе қарастырылып жатқан жоқ», – деді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.