1 қазан - халықаралық қарттар күні

1 қазан - халықаралық қарттар күні
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Бүгін – қарттар күні.

Қазыналы қарияларымыздың мерекесі елімізде 1991 жылдың 1 қазанынан бері атап өтіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Мерекелі датаға халықаралық мәртебе Біріккен ұлттар ұйымы Бас Ассамблеясының 45-ші сессиясында берілген.

Жыл сайын 1 қазан күні дүниенің әр бұрышында қарттарға сый-құрмет көрсетіліп, алдыңғы ұрпақтың қоғамдағы рөлі, кейінгі ұрпаққа берер үлгі-өнегесі насихатталады. 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша, елімізде 2 млн 305 мыңнан астам зейнеткер бар. Сондай-ақ Қарттар күніне орай біржолғы материалдық көмек көрсетілді.