1 656 қазақстандық коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр

1 656 қазақстандық коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр
Сурет:RBK.RU

10 адамның жағдайы ауыр.

Денсаулық сақтау министрлігі мемлекет бойынша КВИ-ға шалдығып, емделіп жатқандар жайында айтты деп, хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«27 сәуірдегі мәлімет бойынша, 1 656 адам коронавирус инфекциясынан (–799+ және 857 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 90 пациент стационарда, 1 566 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда», - делінген министрліктің баспасөз қызметінің хабарламасында.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 10 адамның жағдайы ауыр, 1 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.