Мариф қазақ жанкүйерлері туралы не айтты?

Мариф қазақ жанкүйерлері туралы не айтты?
Сурет: Уandex.kz

Пиранья пікірі

Ресейлік ережесіз жекпе-жек майталманы қазақ жанкүйерлері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қазақстандағы жанкүйерлеріме қолдауларыңыз үшін алғысымды айтамын. Сіздер секілді ешкім қолдау көрсете алмайды. Ресейдегі турнирлерде Қазақстан мен Тәжікстанның жанкүйерлері спортшыларын мықты қолдайды. Сіздерден үйренетін нәрсе көп» , - деді ол.

Дағыстандық файтер Мариф Пираев былтыр Қазақстанда жекпе-жек өткізуі керек еді. «Пиранья» лақап атымен танымал файтердің қазақстандық Артем Резниковпен кездесуі өтпей қалды.

Ал күзде ол Қуат Хамитовті жеңді. Мариф Пираев Prosports.kz сайтына берген сұхбатында (Cұхбат Қазақстанда Төтенше жағдай орнамай тұрып жазылған - авт.) жоспарымен бөлісіп, Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін айтты.