Әскери бөлімдегі жарылыс: 10-нан астам жарылыс болған

Әскери бөлімдегі жарылыс: 10-нан астам жарылыс болған www.gov.kz

Жамбыл облысындағы әскери бөлімде 10-нан астам жарылыс болған. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



«26 тамыз күні сағат 18:45-те Оңтүстік өңірлік қолбасшылығының инженерлік оқ-дәрігер базасында қоймалардың бірінен өрт шықты. Өртті сөндіруге әскери бөлімнің құрамында 3 топ бар өрт сөндіру командасы шұғыл кіріскен. Әскери бөлім бойынша кезекші бұл жайында Оңтүстік өңірлік қолбасшылық қолбасшысы жедел кезекшілік басқармасына хабарлаған», - деді министр Жамбыл өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.



Оның айтуынша, бастапқы кезеңде өртті сөндіруге 500 адам жұмылдырылған. Кейін олардың саны 1 мың адамға, өрт сөндіру машиналарының саны 24-ке жеткізілген.



«Қабылданған іс-шараларға қарамастан, өрт шыққаннан кейін 1 сағаттан соң алғашқы жарылыс орын алды. Жалпы қуаты шағын 10-нан астам жарылыс болған. Аталған базада инженерлік оқ-дәрігер сақталады. Олардың бір бөлігі осыдан екі жыл бұрын Арыс қаласынан жеткізілген еді», - деді Нұрлан Ермекбаев.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55