Әли Ахмедов мексикалық қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

Әли Ахмедов мексикалық қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді Cурет: Aikyn.kz

Қазақстандықтың бұл 18-ші жеңісі, оның 14-ін уақытынан бұрын аяқтаған


Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов кезекті жеңісіне қол жеткізді, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Vesti.kz порталына сілтеме жасап.


Ол Монтебеллода (Калифорния, АҚШ) өткен бокс кешінде мексикалық Пол Валенсуэлаға қарсы жекпе-жекке шықты.


Жекпе-жек он раундқа жоспарланған болатын, бірақ біріншісінде аяқталды. Бірнеше соққыдан кейін Ахмедов қарсыласын нокаутқа түсірді.


Қазақстандықтың бұл 18-ші жеңісі, оның 14-ін уақытынан бұрын аяқтаған. Ал Валенсуэла 11-рет жеңілді, десе де оның қанжығасында 26 жеңіс бар.


Еске салайық, Ахмедовпен IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің GGG Promotions промоутерлік компаниясы айналысады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41