Әлемде 4,5 миллион адам КВИ салдарынан көз жұмды

Әлемде 4,5 миллион адам КВИ салдарынан көз жұмды Сурет: Minsknews.by

Еуропа елдерінде коронавирусқа шалдыққандар саны артып келеді.


Әлем бойынша, 216 миллион адам COVID-19 дертіне шалдығып, 4,5 миллионнан астам адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап. 


Өлім саны бойынша бірінші орында АҚШ, екінші орында Үндістан, үшінші орында Ресей тұр. Еуропада ауру толқыны өсуде. Соңғы тәулікте Ұлыбританияда коронавирусты жұқтырудың 33 мыңнан астам жағдайы анықталды. Эпидемиядан зардап шеккендердің жалпы саны 132 437-ге жетті.   


Еуропаның 33 елі соңғы екі аптада коронавирус аурушаңдығы бойынша көрсеткіштің 10%-дан астамға өскенін атап өтті. Мамандар аурудың көбеюін аймақтың 50 елінде анықталған «дельта» штамының тез таралуымен, денсаулық сақтау шараларының әлсіреуімен, сондай-ақ саяхаттың маусымдық өсуімен түсіндіреді. 


Оңтүстік Африкада мутация деңгейі жоғары коронавирустың жаңа штамы табылды. Вирустың С. 1. 2 жаңа түрі жоғары агрессивтілікке ие және бір мезгілде вакциналарға аса төзімді боп келеді. Зерттеулер көрсеткендей, штамм Конго, Қытай, Жаңа Зеландия, Ұлыбритания, Португалия, Швейцария және Маврикий аумақтарына енген. 


Филиппинде коронавирустың жаңа жағдайларының саны бойынша тәуліктік антирекорд тіркелді-22 366 жағдай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04