Әлем чемпионатында жеңіске жеткен қазақстандық боксшылар $60 000 – 185 000 арасында сыйақы алады

Әлем чемпионатында жеңіске жеткен қазақстандық боксшылар $60 000 – 185 000 арасында сыйақы алады Cурет: Ашық дереккөз

Қазақстан Бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев өз атынан сыйақы тағайындады


Белградта өткен XXI әлем чемпионатында жеңіске жеткен қазақстандық боксшылардың қанша сыйақы алатыны белгілі болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі директорының орынбасары Айдар Махметов мәлімдеді, деп жазды «Айқын» басылымы.


AIBA сыйақысы:
I – $100.000
II- $50.000
III – $25.000


Қазақстан Бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышевтің өз атынан беретін сыйақысы:
I- $70.000
II – $50.000
III – $30.000


ҚР Мәдениет және спорт министрлігі беретін сыйақы:
I- $15.000
II- $7.000
III- $5.000


Нәтижесінде медалистер келесі соманы қолға алады:
I- $185.000
II- $107.000
III – $60.000



«Меніңше, қолдау жаман емес», – деп жазды Айдар Махметов.



Еске салсақ, Қазақстан боксшылары Белградта өткен бокстан 2021 жылғы әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды. Сонымен, жалпыкомандалық есепте Қазақстан екінші орынға ие болды.


Теміртас Жүсіпов (48 кг) және Сәкен Бибосынов (51 кг) алтын медаль алса, Махмұд Сабырхан (54 кг) мен Серік Теміржанов (57 кг) «күміс» және Абылайхан Жүсіпов қола медаль иеленді.


Куба 2021 жылғы әлем чемпионатында үш алтын және екі қола медаль жеңіп алды. Қазақстаннан басқа үздік үштікке АҚШ құрамасы еніп отыр: екі «алтын» және екі «күміс».

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет